Бүгін қазақстандық әнші Мария Мудряк Генуя сахнасында өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда білім алып жүрген жерлесіміз, талантты әнші Мария Мудряк Қазақстанның атын әлемге тағы да әйгілі етпек. Ол бүгін Генуя қаласындағы Карло Феличе театрында алғаш рет өнер көрсетеді, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Мария өткен жылы Пьенца қаласында өткен халықаралық опера әншілерінің байқауында 130 орындаушының арасынан суырылып шығып, аталған театрдың арнайы жүлдесін жеңіп алған болатын. Сол кезде оған Лоренцо дэ Понтенің либреттосына жазылған Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» атты опералық қойлымның басты рөлін сомдауға ұсыныс түскен.

Мариямен телефон арқылы байланысқа шыққанымызда қойылымдағы басты кейіпкер, Сюзаннаның рөліне дайындалып жатқанын айтты. Әрі ол бұл театр труппасындағы ең жас опера әншісі екен. «Генуя театрында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық екенімді мақтан етемін. Сондықтан Отанымның атын әлемге әйгілеуге бар өнерімді саламын. Әрі жерлестерімнің әрқашан менің тілеуімді тілеп жүретініне ризамын», - дейді талантты иесі.

Соңғы жаңалықтар