Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа-райы аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады - Қазгидромет

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, маусымның 24-і күні антициклон Қазақстанның басым аумағында аздап бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады.
None
None

Мәселен, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және күндіз Қостанай облыстарында желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

Қызылорда облысында - шаңды боран, ал Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде түнде тұман болжануда.

Сондай-ақ «Қазгидромет», бүгін Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облысының кей аумақтарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау және Батыс Қазақстан өңірлерінде 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталатынын ескертіп отыр.

Соңғы жаңалықтар