Бүгін Қазақстанның басым аумағында аздаған жаңбыр, найзағай мен күшті жел болады, жекелеген аймақтарда аптап ыстық болжануда

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Қазгидрометтің болжауынша бүгін, шілденің 3-і күні Қазақстанның басым аумағы өзімен бірге аздаған жаңбыр, найзағай мен күшті жел алып келетін - атмосфералық ағымдар ықпалында болады.
None
None

Мәселен, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Алматы, түнде Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында түнде тұман, күндіз Ақмола өңірінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда облысында - жел, кей жерлерде шаң аралас.

Ал Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады деп болжануда.

Сондай-ақ Қазгидрометтің ескертуінше, бүгін, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстанның кей аумақтары мен Қарағандыда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы аймақтарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар