Бүгін Қазақстанның басым аумағында қар, бұрқасын, көктайғақ болады, батыстан жел соғады - Қазгидромет
бұрқасын, көктайғақ пен батыстан соғатын жел алып келетін - белсенді циклонның ықпалында болады.
Мәселен, Павлодар облысында бұрқасындатып, жекелеген жерлерде оның күші үдей түседі. Сондай-ақ секундына 17-22 жылдамдықпен жел соғып, оның екпіні кей уақыттары 28-ге дейін жетеді деп болжануда.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын болады, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Жамбыл облысының кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, 18-23 м/с қашықтықта жел болжанып отыр.
Алматы облысында - кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с-ты құрайтын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында - жекелеген жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарында бұрқасын, көктайғақ, секундына 15-20 метр екпінде жел тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде де бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Күндіз Ақтөбе, түнде Қостанай облыстарында жел көтеріліп, оның күші 15-20 м/с-ты құрайтын болады.