08:11, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады - Қазгидромет
nbsp;АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 23-і күні Қазақстанның басым аумағына антициклонның ықпалы жалғасып,
жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады.
Республиканың тек батыс облыстары атмосфералық ағымдар ықпалында болады, мұнда өткінші жаңбырлар мен желдер күтілуде.
Мәселен, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы өткелдерінің жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп болжануда.
Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір өңірлерінде 0-3 градусқа дейін суытады.
Сонымен бірге «Қазгидромет», Қазақстанның оңтүстік, батыс, орталық, шығысы мен солтүстігінде жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталатындығын ескертеді.