Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында күн ашық - «Қазгидромет» РМК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні, 15 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, солтүстігінде, шығысында және батысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз болуы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында күн ашық - «Қазгидромет» РМК

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетуі күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерде күндіз күн күркірейді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.