Бүгін Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым аумағында болады - Қазгидромет

СТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 21-і күні Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым аумағында болады.
None
None

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Жамбыл облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.

Сондай-ақ, гидрометеорологиялық қызметтің ескертуінше бүгін, республиканың оңтүстік, батыс, орталық пен шығыстың кейбір өңірлерінде өте жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.

Ал гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.

Шардара су қоймасынан құйылып жатқан су толқының жоғары болуымен, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының тұсынан ағып өтетін Сырдария өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасады.

Соңғы жаңалықтар