Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының айтарлықтай басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, жел күшейеді.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодар облысында желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін күшейеді. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды, найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде найзағай ойнап, таңертең және күндіз жекелеген аудандарда желдің 15-20 м/с күшейеді деп болжанады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.