Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді деп күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады, Ақтөбе, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі бар.