11:48, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Бүгін - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні.
Бұдан 21 жыл бұрын (1989) осы күні кеңес әскерлері (40-армия және оған жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды. Ауғанстан жеріндегі 9 жылғы соғысқа Кеңес Одағының 500 мыңнан астам азаматтары қатысты. Олардың ар асында 22269-ы - қазақстандықтар. 15 мың жауынгер қаза болды. Қазақстан бұл соғыста 889 боздағынан айырылды.