Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылады.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жолдауы жариялайтыны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар