Бүгін - Майкл Джексон қайтыс болған күн

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Үш жыл бұрын поп-музыка королі, аты аңызға айналған Майкл Джексон қайтыс болды.
None
None

Әнші өліміне оның жеке дәрігері Конрад Мюррей кінәлі деп есептеледі, өйткені ол мөлшерінен артық пропофол дозасын қабылдауға кеңес берген, соның салдарынан дәрі өзге препараттармен әрекеттескенде Джексонның өліміне әкелген.

Шығармашылық жолында Майкл Джексонның альбомы әлем бойынша 750 миллион данамен тарады. Thriller альбомы әлі күнге дейін ең көп сатылатын жинақ болып табылады және тағы төрт альбом (Off the Wall, Bad, Dangerous және HIStory) әлемдегі ең көп сатылатын жинақтар қатарына кіреді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы  хабарлады.

Әнші 350-ден астам музыкалық сыйлыққа ие болды, соның ішінде 15 «Грэмми» сыйлығы бар (14-і жеке орындаушылық шеберлігі үшін болса, бір сыйлық - Jackson Five құрамында).

Джексон - рок-н ролл залына екі рет енген азғана музыканттың бірі.

Өз өмірінде Майкл Джексон көптеген пластикалық ота жасатты, оның тең жартысына терінің сирек кездесетін генетикалық витилиго ауруы себеп болған. Әншінің терісі 1980 жылдан бастап ағара бастады. Джексон өзінің тері түсін әдейі ауыстырып жатқанын жоққа шығарған болатын.

Поп-музыка королінің денсаулығына ауру мен оталар ғана әсер еткен жоқ. Ол екі рет кішкентай балаларды зәбірлеу ісі бойынша 1993, 2003 жылдары сот алдында жауап берді. Алғашқы іс айғақтардың жеткіліксіздігінен жабылды. Екінші сот ісінің нәтижесінде Джексон толығымен ақталып шықты.

Өз ғұмырында әнші екі рет үйленген. Алғаш рет Элвис Преслидің қызы Лиза-Мария Преслимен отасты. Алайда неке ұзаққа созылмады, олар 1994-1996 жылдар аралығында ғана бірге тұрды, дегенмен ажырасқаннан соң да екеуі дос боп қалды. 1996 жылы Майкл Джексон бұрынғы медбике Дебби Роуға үйленді. Үш жыл отасқаннан кейін олардың екі баласы өмірге келді: үлкені Принц Майкл Джозеф Джексон (1997) мен қызы - Пэрис-Майкл Кэтрин Джексон (1998). Әншінің үшінші ұлы Принц Майкл Джексон II (2002) суррогатты анадан туылды.

Естеріңізге сала кетейік, Майкл Джексон 2009 жылы 25 маусымда 50 жасында кенеттен қайтыс болған еді.

Соңғы жаңалықтар