07:20, 01 Қыркүйек 2022 | GMT +5
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.
Бұған дейін белгілі болғандай, бүгін, 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Тиісті өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.
Президент Жолдауы тікелей эфирден көрсетіледі.
Фото: akorda.kz