Бүгін Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Нашақорлыққа  және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық  күні.
None
None

Нашақорлыққа қарсы күрестің он жылдығы аясында, 1987 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша өткізіліп келеді.

Есірткінің заңсыз таралуымен күрестің, не оның айналымын қалай да бақылау әрекеттерінің жасалып келе жатқанына 95 жыл болды. 1909 жылдың ақпанында 13 елдің қатысуымен өткен Шанхай опиумдық комиссиясы Азия елдерінен есірткінің жеткізілуіне шектеу қою жолдарын іздеп-табуға тырысты. Бүгін де, бір ғасыр дерлік уақыт өткеннен кейін бұл түйіткілдің шешілуінің көкжиегі әлі де алыста.

Проблема тек ушыға түсті. Шегуге арналған опиумның орнына  қантамырға енгізілетін «ауыр» есірткілер келді, нашақорлық барған сайын тамырлана түсуде, нашақорлық жастар арасында белең алып келеді.

БҰҰ Есірткіге қарсы күрестің халықаралық күнінде балаларға, жанұялар мен ұстаздарға есірткіні қолданудың зияндылығы туралы айтып, бұл проблеманың қоғамда бар екендігін мойындауға және оның шешілуіне өзіңнің жауапкершілігіңді сезінуге аса назар аударады.  Есірткіні пайдалануға қарсы күрестің ең тиімді әдісі ретінде ата-ананың тарапынан өз балаларына деген қамқорлық пен ұдайы көңіл бөлу саналады.

Соңғы жаңалықтар