Бүгін «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 7-ші отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының офисінде «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 7-ші отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Партияның жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті, оның ішінде республикалық, аймақтық және аумақтық Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестерінің қызметі Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы қарашаның 6-сындағы Жемқорлыққа қарсы форумында жемқорлықпен күресті жандандыру бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруға бағытталған. «Нұр Отан» ХДП өз алдына жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысты құру мақсатын қойып отыр. Бұл үшін мемлекеттік құрылымдардың қызметін қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесі құрылмақ.«Бүгінгі таңда біздің мемлекетімізде жемқорлық тамыр жайғаны белгілі. Сондықтан, жемқорлықпен күресті мемлекеттік органдар ғана бақыламауы тиіс. Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуымен қоғамдық бақылау жүйесін құру міндеті қойылып отыр. Біз қоғам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қол жеткізгенде, қоғам өзі барлық мемлекеттік құрылымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын болады. Осы бағытта «Нұр Отан» партиясының билік партиясы ретінде атқарар жұмысы көп», - деп атап өтті кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов.Аталмыш басқосуда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарауы бойынша істердің жай-күйі туралы мәселелер талқыланды. Парламент Мәжілісінің депутаты, Кеңес мүшесі Ержан Исақұловтың басшылық етуімен Сараптама комиссиясы жергілікті атқарушы органдарда, сондай-ақ Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және сауда министрліктерінде, Қаржы министрлігінің Салық комитетінде тексерістерді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Жоғарыда аталған министрліктердің жауапты хатшылары шақырылып, Сараптау комиссиясы жұмысының қорытындылары ортаға салынды.Сонымен қатар, кеңеске ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Арын Өрсариев, Бас прокуратура мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері де қатысты.Отырыстың соңында республикалық кеңестің төрағасы О. Әбдікәрімов «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 2008 жылғы жұмысының қорытындылары және 2009 жылғы жұмысының бағыттарына тоқталды.
Соңғы жаңалықтар