08:53, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Бүгін Павлодарда жастардың алтыншы Дельфий ойындары басталады
ПАВЛОДАР. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Бүгін, шілденің 12-сі күні Павлодарда жастардың алтыншы ұлттық Дельфий ойындары басталады. Биылғы жылғы ойындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған.

Ойынды ұйымдастырушы комитеттің ақпараты бойынша, Ертіс қаласына Қазақстанның барлық облысынан 10 мен 25 жас аралығындағы 500-ге тарта қыздар мен ұл балалар келді. Төрт күн бойы олар фортепиано, скрипка, ән айту, би, халықтық аспаптар,сурет, ди-джей және веб-дизайн, барлығы 15 номинация бойынша сайысқа қатысады.
Жастар ойынын Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі «Нұр Отан» ХДП және ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұлттық Дельфий комитетімен бірлесе өткізіп отыр.