Бүгін Президент Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорда бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

Сонымен қатар Президент:

– Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;

– Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;

– Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;

– ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.


Соңғы жаңалықтар