10:02, 10 Шілде 2020 | GMT +5
Бүгін Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді.
Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.
Президенттің баспасөз қызметі өзінің @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.