18:04, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Бүгін Ресей үшін де, Украина үшін де сын сағаты - Н. Назарбаев
МИНСК. ҚазАқпарат - Бүгін Ресей үшін де, Украина үшін де сын сағаты, себебі қантөгісті бұдан әрі жалғасуы мүмкін емес. Твиттерде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл туралы Украина басшысы Петр Порошенкомен екіжақты кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Бұған дейін Елбасының Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен келгені хабарланған болатын. Сапар барысында Н. Назарбаев Минскіде Кеден одағы елдерінің көшбасшылары, Украина және Еуропалық комиссия төрағасы орынбасарларымен кездесуге қатысып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.