Бүгін республиканың басым аймақтарында күн жылы болады

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін республиканың басым бөлігінде күн жылы болады.
None
None

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметтеріне қарағанда, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде құм аралас боран соғады. Облыстың жекелеген аймақтарында желдің күші күндіз секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және күндіз тұман болуы ықтимал. Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысының жекелеген аймақтарында күші секундына 15-20 метр болатын жел тұрады. Жекелеген аудандарда құм аралас дауыл соғуы ықтимал. Еліміздің батысында өткінші жаңбыр жауып, жел тұруы мүмкін.

Астана мен Алматыда күндіз ауаның температурасы 18-20 градусқа дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар