Бүгін республиканың кейбір аймақтарына қар жауады

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, Қостанай облысында күндіз де түнде де көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Павлодар облысында, түнде Қарағанды облысында желдің күші 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Күндіз Ақтөбе облысында көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында желдің күші 15-20 метрге жетеді деп болжануда.