09:00, 13 Шілде 2020 | GMT +5
БҮГІН САҒАТ 12.00-ДЕ ЕЛ БОЙЫНША БІР МИНУТТЫҚ ҮНСІЗДІК ЖАРИЯЛАНАДЫ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін – коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алудың жалпыұлттық аза тұту күні.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.