20:54, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Бүгін Сенат комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан дамуының қазіргі жағдайындағы фискалдық-бюджеттік саясатының рөлі» атты дөңгелек үстел отырысы болды
АСТАНА. ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан дамуының қазіргі жағдайындағы фискалдық-бюджеттік саясатының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парласменті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Талқылауға жиналғандардың алдында жоғарғы палата төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев сөз сөйледі. Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында салық және бюджет заңнамаларын одан әрі жетілдірудің маңыздылығына тоқтала келіп ол «Ел Парламенті дағдарыс жағдайында қазақстандық банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, экономиканың нақты секторын несиелеу мүмкіндігін кеңейтуге және халықты қолдауға бағытталған құқықтық топтаманы жедел түрде қабылдады», деп атап өтті.М.Көпеев дағдарыс жағдайында теріс жақтарымен қоса алғандағы әлемдік экономиканың ықтимал өрестеуін ғана ескеріп қоймай, қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттік қаржы саясатын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.Мемлекеттің бюджеттік және салық саясатын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелеріне тоқтала келіп, төраға орынбасары салық-бюджет саясатының тиімді үлгісін әзірлеу жөніндегі бастамаларды депутаттардың қолдауға әзір екенін атап өтті.Мемлекеттік органдардың дағдарысқа қарсы бағдарламаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар туралы депутаттарға қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлері Б.Жәмішев пен Б.Сұлтанов, Есеп комитетінің төрағасы О.Өксікбаев баяндады.Талқылау барысында сенаторлар экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру үшін бюджеттен бөлінген қаржының мақсатында және тиімді пайдалануын бақылауға ерекше назар аударды.Депутаттарды толғандырған екінші мәселе - мемлекеттік жоспарлау, сатып алу, қаржы бақылау жүйелерін жетілдіру, салық тәртібін сақтау, зейнетақы жинақтарының құнсыздану деңгейін ескере отырып сақталуын қамтамасыз етілуі болды.Соңғы нәтижеге бағдарланып бюджеттен ақша бөлудің жаңа қағидаларын енгізу, макроэкономикалық көрсеткіштерге нақтылау болжамдары, отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары да қызу әңгіме арқауына айналды.Мемлекеттік қаржының ақталмаған шығындарына тоқтала келіп, сенаторлар «нақты өмірді көру үшін тезірек өзгеру қадамдары» туралы ойларын ортаға салды.Бірінші кезекте бюджет қаржысын жұмсаудың дәл әрі тиімді кестесі қабылдануы, қабылданған бағдарламаны жүзеге асыру үшін сабақтастық тұрғысындағы әрі сындарлы қадамдар жасалуы тиіс.Талқылауды қорытындылай келіп, Қаржы және бюджет комитетінің басшысы Қ.Ищанов отырысқа келген министрліктер басшыларын «жинақылыққа, қорлар мен мүмкіндіктерді қатаң есептеу және соның негізінде дағдарысқа қарсы түзілім әзірлеуге» шақырды.