Бүгін Сыр өңірінде уақыт белдеуі бір сағат кейінге шегеріледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысында уақыт 1 сағатқа кейін шегеріледі. Бұл шара желтоқсанның 20-сынан 21-іне қараған түні сағат 00:00-ден жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Сыр өңірінде табиғи биологиялық уақыттан ауытқушылық мәселесі соңғы 10 жыл бедерінде жиі көтеріліп келді. Түрлі ғылыми-зерттеу институттары да өмір сүру ритмінің бұзылуы тұрғындардың денсаулығына теріс әсер ететінін растады. Облыста уақытты өзгертуге байланысты тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізіліп, оған қатысушылардың 70 проценті уақыт белдеуін өзгерту қажет деген пікір білдірген. Байқоңыр қаласының уақыты да Қызылорда облысымен бірге төртінші сағаттық белдеуге сәйкестендіріледі», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Облыс әкімдігінің ресми парақшасында облыс әкімінің сағат белдеуі туралы екі тілде мәлімдемесі жарияланды. Сондай-ақ, облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда қаулының толық мәтіні жарық көрді. Жергілікті телеарналарда арнайы бейнероликтер әзірленді. Айта кетер жайт, қала мектептерінде сабақтың басталу уақыты өзгертілмейді.

Бүгін Қызылорда қаласындағы орталық алаңда аталмыш уақыт белдеуін өзгертуге байланысты арнайы шара өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр өңірінде уақыт белдеуін шегеруге қатысты мәлімдеме жасаған еді. 

Соңғы жаңалықтар