Бүгін таңертең Алматы маңында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2014 жылғы 6 маусымда Алматы уақыты бойынша 07 сағат 40 минут 20 секундта (Гринвич бойынша 2014 жылғы 6 маусым 01 сағат 40 минут 20 секунд) жер сілкінісін тіркеді.

Бүгін таңертең Алматы маңында жер сілкінді

Жер дүмпуінің кіндігі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 148 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 10.9. Магнитудасы MPV 5.1. Тереңдігі - 10 шақырым.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.