09:17, 19 Қаңтар 2011 | GMT +5
Бүгін, таңғы сағат 4-те Приозерск қаласында тағы бір қазандық істен шықты
АНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін, таңғы сағат 4-те Қарағанды облысы Приозерск қаласында тағы бір қазандық істен шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, істен шыққан - №2 қазандық. Абырой болғанда, оның себептері дереу жойылып, қазандық 2 жарым сағаттан кейін қайта іске қосылды. Қазір қалада үш қазандық жұмыс істеп тұр, тағы екеуіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу таратқыштан шығатын температура Целсий бағамы бойынша - 50, айналымдағысы 23 градусты көрсетіп тұр. Даладағы температура -17 градус.
Қазір 199 адамнан құралған 19 бригада 454 пәтері бар бес тұрғын үйге жылу беру мәселесімен айналысуда. 2844 пәтерлі көпқабатты 50 үйде жылу бар.
«Қосалқы бөлшектерді жеткізуде түйіткілдер туындап жатқан жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазандықтардың жұмыс параметрлеріне сағат сайын мониторинг жүргізуде», - деп атап өтті ТЖМ-нан.