10:28, 08 Қаңтар 2017 | GMT +5
Бүгін Тараз қаласының тарихи атауы қайтарылған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан жиырма жыл бұрын, 1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Жамбыл қаласының аты Тараз болып өзгертілді.

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан бұл қала әр жылдары Әулие-Ата, Мирзоян, Жамбыл деп аталған. «Тараз» атауы біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдың ортасындағы Қытай деректерінде сақталған.
Бүгінде Тараз Жамбыл облысының әкімшілік орталығы және фосфор өндірісімен танымал. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Қалаға келген туристер Айша бибі, Қарахан, Бабаджа хатун, Тектұрмас кесенелерін, Нәметбай мешітін және ортағасырлық моншаны тамашалай алады.