Бүгін - Тау күні

АСТАНА.  Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат -  Бүгін - Халықаралық Тау күні. Бұл  атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясының  шешімі бойынша  атап өтіліп келеді.  
None
None

Бас Ассамблеяның қарарында таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған ерекше өзекті мәселелер белгіленген. Бұл атаулы күннің мақсаты - таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау.

Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар  адамдардың  10 пайызға жуығының  баспанасы. Оған қоса, таулар - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.

Соңғы жаңалықтар