Бүгін түнде «Байқоңырдан» «Протон-М» зымырантасымалдағышы бар «АзиаСат-7» ғарыш аппараты ұшырылды

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 26 қараша күні, астана уақытымен түнгі сағат 1-ден 10 минут кеткенде, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасымалдағышы бар «АзиаСат-7» ғарыш аппараты ұшырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Ракетаның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті. Ұшырылумен болуы мүмкін салдарды жою үшін 25 қараша күнгі сағат 23.10-нан 26 қараша күнгі түнгі сағат 2-ден 10 минут кеткенге дейін ҚР ТЖМ-ның Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Төтенше жағдай департаменттерінің апаттық-құтқару күштері жоғары дайындық режімінде болды», - делінген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар