08:15, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бүгін түнде Қазақстанның жекелеген аумақтарында 0-6 градусқа дейін суытады
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 14-і күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына жауындар (жаңбыр басым) мен тұман алып келетін - төмен қысымды аймақ әсер етеді, ал республиканың оңтүстік-шығысында сынап бағанасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.

Мәселен, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда мен Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Ал Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында түнде 0-6 градус шамасындағы суықтар сақталады.
Алматы мен Жамбыл облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 0-2 градус үсік жүреді.