Бүгін түнде Маңғыстау облысында екі жерден магистральді газ құбыры жарылып, оны арты өртке ұласты - ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Маңғыстау облысы Сай-Өтес кентінен бір шақырым жерде магистральді газ құбыры жарылып, оны арты өртке ұласты.
None
None

Төтенше жағдайды жоюмен 80-нен астам жұмысшы айналысуда.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, оқиға 01 сағат 40 минутта орын алды. «Интер Газ Орталық Азия» компаниясына тиесілі магистральді қаз құбыры екі жерден жарылған. Қазіргі уақытта газ құбырымен газ тарату тоқтатылды.

Апатты жоюға облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 22 адамы мен 6 техникасы; «Семсер Өрт-сөндіруші» ЖШС-ның 5 адамы мен 1 техникасы; «Атырау» Магистральді газ құбырлар басқармасының 20 адамы мен апатты-қалпына келтіру пойызы, «Интер Газ Орталық Азия» компаниясының 20 адамы және «Қарақұдық Мұнай» ЖАҚ-тың 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Маңғыстау облысы бойынша ТЖД-да шұғыл штаб құрылды.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар