Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеребе тарту рәсімі бүгін, 25 тамызда елорда уақытымен 21.00-де Түркияның Ыстанбұл қаласында болады.

24 тамызда іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде топтық кезеңге жолдама алған 6 команда анықталды. Олардың қатарында португалиялық «Бенфика», чезиялық «Виктория Пльзень», израильдік «Маккаби Хайфа», хорватиялық «Динамо» (Загреб), даниялық «Копенгаген», шотланлиялық «Рейнджерс» командалар бар. Өзге командалар топтық кезеңге бірден жолдама алған.

Командалар рейтингтегі орны бойынша төрт себепке бөлінген.

Бірінші себет: «Реал Мадрид» (Испания), «Айнтрахт» (Германия), «Манчестер Сити» (Англия), «Милан» (Италия), «Бавария» (Германия), «ПСЖ» (Франция), «Порту» (Португалия), «Аякс» (Нидерланды).

Екінші себет: «Ливерпуль» (Англия), «Челси» (Англия), «Барселона» (Испания), «Ювентус» (Италия), «Атлетико» (Испания), «Севилья» (Испания), «РБ Лейпциг» (Германия), «Тоттенхэм» (Англия).

Үшінші себет: «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Зальцбург» (Австрия), «Шахтёр» (Украина), «Интер» (Италия), «Наполи» (Италия), «Бенфика» (Португалия), «Спортинг» (Португалия), «Байер» (Германия).

Төртінші себет: «Марсель» (Франция), «Брюгге» (Бельгия), «Селтик» (Шотландия), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Маккаби Хайфа» (Израиль), «Рейнджерс» (Шотландия), «Динамо Загреб» (Хорватия), «Копенгаген» (Дания).

Еске салсақ, енді футболдан ел біріншілігінде әрбір тур белгілі ардагерлерге арналады.



Фото:s3assets.agones.gr





Соңғы жаңалықтар