Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының үшінші тур ойындары басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші тур ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы тур ойындары 4 және 5 қазан күндеріне жоспарланған. Алдымен А, В, С, D тобындағы командалар өзара шеберлік байқасады.

А тобында «Ливерпуль» (Англия) мен «Глазго Рейнджерс» (Шотландия), «Аякс» (Нидерланд) пен «Наполи» (Италия) жасыл алаңға шығады.

Ал, В тобында «Порту» (Португалия) мен «Байер» (Германия), «Брюгге» (Бельгия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания) ойнайды.

Сондай-ақ, С тобында «Бавария» (Германия) мен «Виктория Пльзень» (Чехия), «Интер» (Италия) мен «Барселона» (Испания) шеберлік байқасады.

D тобында «Марсель» (Франция) мен «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Айнтрахт» (Германия) пен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) кездеседі.

Аталған ойындар арасынан елорда уақытымен 22:35-те «Бавария» мен «Виктория Пльзень» ойыны «Qazsport», 00:50-де «Интер» мен «Барселона» кездесуі «Qazaqstan» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел чемпионатында «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» командалары тең түсті.



Фото: Marc Atkins/Getty Images



Соңғы жаңалықтар