Бүгін жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, шаңды боран мен күшті желдер болады, ал солтүстік және батыс аумақтарға антициклон әсер етеді

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, маусымның 23-і күні Қазақстанның басым аймағы атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады.
None
None

Бұл жағдай жекелеген өңірлерге жаңбырлар, найзағай, шаңды боран мен күшті желдер алып келеді. Ал республиканың солтүстік және батыс аумақтары антициклонның ықпалына түседі.

Мәселен, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және күндіз Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.

Ал Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды боран тұрып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Шығыс Қазақстан өңірінде сондай-ақ 15-20 м/с қашықтықта жел болады, түнде тұман күтілуде.

Сонымен қатар «Қазгидрометтен» мәлім еткендей, бүгін Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстанның жекелеген аумақтарында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында 5-ші дәрежедегі өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар