Бүгінде баспанаға зәру 7 740 жетім бала үй алатындардың тізіміне енгізілмеген - БҒМ
«Былтыр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының және бірқатар нормативтік актілердің қабылдануына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жетім балаларды пәтер алуға есепке тұрғызу жұмысын қажетті деңгейде жүргізбей отыр. Бүгінде баспанаға зәру 7 740 жетім бала үй алатын тізімге енгізілмеген (Ақмола (522), Алматы (196), Шығыс Қазақстан (324), Қарағанды (210), Қостанай (377), Павлодар (149), Оңтүстік Қазақстан (185) облыстары)», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін заңды өкілдер, тәрбиешілер мен балалар үйлерінің қызметкерлері арасында тұрғын үй заңнамасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.