15:21, 21 Қазан 2013 | GMT +5
Бүгінде Қырғызстанда америкалық базаны ұстаудың еш маңызы қалмады - ҰҚШҰ басшысы
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде Қырғызстанда америкалық базаны ұстаудың еш маңызы қалмады.

Бұл туралы бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының басшысы Николай Бордюжа бейнекөпір форматында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Қырғызстан басшылығы «Манас» әуежайы аумағынан АҚШ базасын шығару жөніндегі шешімді шығарды. «Бұл шешімнің үлкен жауапкершілікпен, негіздемемен жасалғанында ешкімнің де күмәні болған жоқ», - деді Н.Бордюжа.
ҰҚШҰ басшысының айтуынша, Қырғызстан әлемдік лаңкестікпен күрес ісіне өзінің көмегін қосты.
«Қазіргі кезде Ауғанстан жерінен НАТО әскері шығарылуда. Бүгінде Қырғызстанда америкалық базаны ұстаудың еш маңызы қалмады», - деп атап өтті Н.Бордюжа.