Бүгіндегі Тәуелсіз Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты - Зиябек Қабылдинов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық символ болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығының директоры Зиябек Қабылдинов мәлім етті.
None
None

«Италияның тәжірибесіне тоқталатын болсақ, оларда үш мемлекеттік символ бар - Ту, Әнұран және Мемлекет басшысы. Менің ойымша, жақын арада Қазақстан өзінің пассионарлық даму жолында бұндай деңгейге жетеді, яғни Президент бірліктің, біздің барша халқымыздың нығаюының символы болады деп білемін. Осы орайда алдағы жылдары да қуатты және біртұтас тәуелсіз мемлекет екенімізді барынша дәріптеуіміз керек. Біздің қоғамға Мемлекет басшымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының ұлттық символ болуы бастамасын қарастыру керек. Атап айтқанда, бүгіндегі егемен Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысқан», - деді З. Қабылдинов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

Соңғы жаңалықтар