Бүгінге дейін 1560 жылжымайтын мүлік жария етілді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда. Нақ бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында мүлікті жария етуге барлығы 1560 жылжымайтын мүлікті жария ету жөнінде 1306 өтініш берілген. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Оның ішінде тұрғын емес үй-жайлар бойынша - 924 өтініш, соның ішінде коммерциялық объектілер бойынша - 763 өтініш, тұрғын үй бойынша - 636 өтініш бар. Келіп түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 12,2 млрд. теңгені құрады. 1142 өтініш бойынша жалпы құны 11,3 млрд. теңге болатын 1361 объект жария етілген.

Соңғы жаңалықтар