Бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі жұмыссыздықтың ең жақсы емі - шағын және орта бизнесті қолдау

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жәмилә Сейдалиева/ - Бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі жұмыссыздықтың ең жақсы емі - шағын және орта бизнесті қолдау,
None
None
бәсекеге қабілетті өндірістер құру, ауыл шаруашылығына көмектесу, индустриялық-инновациялық дамудың серпінді жобаларын жүзеге асыру, т.б. шаралар, Қазақстан басшылығының халықты еңбекпен қамту мәселесі бойынша ұстанымы осындай. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 7 «корпоративтік көшбасшы» пайдалануға берілді, 8 жоба жақын арада іске қосылады. «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында еңбек рыногы 2008 және 2009 жылдары 4 мыңнан астам жұмыс орнын алады. Оған аймақтық жобалардың әлеуметтік жемісі - 30 мың жұмыс орнын тағы қосыңыздар, нәтижесінде 15 миллион халқы бар Қазақстан үшін толымды жағдай қалыптасады. Металлургия, ауыл шаруашылығы, электр энергетикасы, кен өндіру ісі, тоқыма, мұнай-газ өнеркәсібі, құрыш құю өндірісі, химия сияқты салаларда, жаңа өндірістердің іске қосылуына байланысты жақын арада жұмыс күштеріне деген сұраныс тек арта түспек.Жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, ескілерді сақтап қалу жұмыстары да атқарылуда. Елбасының тапсырмасымен Республика Үкіметі жұмысы толық немесе жартылай тоқтап тұрған кәсіпорындардың мониторингін жүргізіп, оларда орын алуы ықтимал қысқартуларды қадағалайтын болады. Бұл жерде ең алдымен, қазақстандық экспорттың базалық баптарына деген сұраныстың төмендеуінен үлкен шығынға батып отырған кен-металлургиялық және өндіруші компаниялар туралы сөз болып отыр. Өткен жылдың желтоқсан айында осындай кәсіпорындармен меморандумдар жасалып, жұмыс берушілер қаржылық жағдай қиындағанның өзінде жұмыс орындарын қысқартпау туралы міндеттеме қабылдаған болатын. Тіптен болмаған жағдайда, толық емес жұмыс аптасына ауысу, жалақының 2/3 бөлігін төлеп, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, егер өндіріс толық тоқтап қалса, жалақының 50 пайызын төлеу сияқты мәселелер қарастырылды. Оған қоса, Министрлер кабинеті, отандық еңбек ресурсын қолдау үшін шетелдік жұмыс күштерінің квотасын екі есеге қысқартып отыр. Қаңтар айында Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісіне қатысқан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, «2009 жылы біздің экономикамыздың алдында тұрған басты мәселе - халықты еңбекпен қамту. Біз жұмыссыздар қатарының көбеюіне жол бермеу бағытында жұмыс істеуіміз керек», - деп атап көрсеткен болатын. Үкімет еңбекпен қамту саласында қабылдап отырған шаралардың барлығы еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын теңестіруге мүмкіндік беріп отыр. Республика бойынша жалпы еңбекпен қамтудың жағдайын орнықты деп айтуға болады: кәсіпорындардың көпшілігі бұрынғы режимде жұмыс істеп жатыр, жаппай қысқартулар күтіліп отырған жоқ. Тағы бір маңызды мәселе, жаңа нысандар іске қосылуда.
Соңғы жаңалықтар