Бүгінгі біздің дінаралық сұхбатымыз Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің жарқын көрінісі болса керек - Әдил әл-Фаллах

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді дамыту ісіне жоғары баға берген Әдил әл-Фаллах Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы салиқалы саясатына риза екендігін жеткізді. «Осыдан біраз уақыт бұрын мен Қазақстан астанасын солтүстікке ауыстырады дегенді естіген кезде - сенбеген едім. Мен үшін ол мақсат - арман-елес сияқты көрінді. Мінеки, бүгін Қазақстанның елордасы атанып отырған Астана қаласы көздің жауын алып, өзінің әсем келбетімен барша әлемді таңғалдырып отыр. Бұл шаһар зәулім ғимараттар мен құрылыстардың ордасы ретінде ғана емес, ұлт пен ұлыстардың бейбіт мекені ретінде барша жаһанға танымал. Біздің бүгінгі дінаралық сұхбатымыз Қазақстан жеріндегі осы ұлтаралық келісімнің жарқын көрінісі болса керек», - деді Әдил әл-Фаллах.