Бүгінгі дағдарысқа қарамастан, еліміздің бидай уыздылығын экспорттау әлеуеті төмендемейді ? «Сарыарқа» корпорациясы

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бүгінгі дағдарыс жағдайына қарамастан, еліміздің бидай уыздылығын экспортқа шығару әлеуеті төмендемейді.
None
None
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдастыруымен өткен еліміздегі макроаймақтардың мамандандырылуы мәселелеріне арналған кеңесте «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Вадим Зверьков осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде аталған корпорация ұсынып отырған жобаларға сәйкес еліміздің солтүстік аймақтарында бидайды өңдеу саласындағы бірнеше кәсіпорынды ашудың арқасында республикамыз бидай уыздылығын экспорттаушы 10 ірі мемлекеттің қатарына кіре алады. «Бүгінгі әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайға қарамастан, бидай өңдеу саласында қолданылып жатқан жаңа технологиялардың арқасында біздің әлеуетіміз өсе түсті», - деді В.Зверьков. Корпорация басшысы атап көрсеткендей, жоба аясында еліміздегі бидай уыздылығын өндіретін кәсіпорындарды Атбасар, Есіл және Жарқайың аудандарында ашу жоспарланған. Айта кетейік, бидай уыздылығы - ұн және ұн өнімдерінің құнарлылығын арттыруға қолданылатын қоспа. Бүгінде осы тауарға деген сұраныс жоғары болып отыр. Аталған тауардың басты экспорттаушы мемлекеттері Франция, Нидерланды, Германия және Австралия елдері болса, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия және Парсы шығанағы елдері бидай уыздылығын импорттаушы негізгі мемлекеттердің санатына кіреді. Бүгінде бидай уыздылығының бағасы астықтан 5 есе және ұннан 2,8 есе қымбат.
Соңғы жаңалықтар