«Бүгінгі қазақ киносы: неден ұтып, неден ұтылып жүрміз?» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 30 наурыз, сәрсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, ғалымдар Павлодар облы­сының аумағынан табылған мүйізтұмсық қаңқасының бұдан шамамен 26 мың жыл бұ­рын өмір сүрген жануар­дың қалдығы екенін анықтады. Расы керек, бұған дейін сынын жо­ғалтқан сол сүйекке қарап, оның 350 мың жыл бұрынғы қаңқа екенін біл­дірген болатын.

- Мүйізтұмсық қаң­қа­­сы­ның бір бөлшегін мұра­жайға Қожамжар мектебінің биология пәні мұғалімі тапсырды. Егер ауыл ұстазы өзді­гінен келмегенде, ғалым­дар бұл тарихи олжа туралы біл­мейтін де еді, - дейді Пав­лодар мем­лекеттік педо­­гогикалық инс­ти­ту­тының мұ­ражай ке­шені директоры Жар­қын Қабдолов. Ол, сон­дай-ақ, сү­йек­тен кө­міртек ұзақ уақыт шыға­тынын, сон­­дықтан оның құрамына қарай қаңқаға қанша жыл екенін анық­тауға болатынын айтты.

-Тағы бір айта ке­терлігі, мүйіз­тұмсық табылған жар­­тастағы суреттер бұл жануар­лардың адаммен бірге өмір сүргеніне дәлел болады. Бү­гінде бұл расталды және де палеонтология саласы үшін таңғаларлық оқиға болып отыр, - дейді мұражай директоры.

Айта кетейік, атал­ған жа­н­уардың пор­т­реті әлемнің түк­пір-түк­піріндегі палеонтологтар тауып алған қаң­қаларға қарап салынған. Сол үшін де ғалымдар жануардың дәл осын­­дай болғанына 100 пайыз­­ға кепілдік бере алмайды.

Айтпақшы, эласмотерия табылған жер «Хайруллин жары» деп аталады. Мұндай атау 1988 жылы қалдықтарды тауып алып, мектепке әкелген Құрманғазы Хайруллиннің құрметіне берілген. Бұл материал «Мүйізтұмсық қаңқасы» деген тақырыппен берілген.

Бас басылымда «Бүгінгі қазақ киносы: неден ұтып, неден ұтылып жүрміз?» атты көлемді мақала жарияланды.

«Бұл ретте осы аралықта ки­но­студияның қыруар жұмыс атқарғанын айтып өтуіміз керек. 2010 жылдан бермен қарай «Қазақфильм» кино­студиясында 50-ге жуық көркем­суретті, 100-ден астам деректі, 30-дан астам ани­мациялық фильм, 4 телесериал түсі­рілді. Әрине, бұлар­дың әрқайсысы жеке-жеке талдау­ды қажет етеді және олардың бәрін бір ғана әңгімеде баяндап шығу тағы қисынсыз. Сондықтан, әуелі тек көркем фильмдерді алып отырмыз.

...Әрине, 50 - аз да, көп те емес. Ал кейбір жылдары түсірілген көр­кем фильмдердің саны оннан асып жы­ғыл­са, кейде одан азырақ болған (2010 жылы - 7, 2011 жылы - 13, 2012 жылы - 7, 2013 жылы - 7, 2014 жылы - 11, 2015 жылы - 3). Жылына 800-1000-нан астам фильм түсіретін әлемнің кейбір елдерімен салыстырсақ, әрине мұныңыз өте мардымсыз. Бірақ, алыс-жақын кейбір елдермен салыстырғанда, көңілге едәуір жылу ұялатады. Яғни, біразына қарағанда, еліміздегі киноөндірісі саласының аяқ алысы жаман емес деуге болады (бұған жеке студиялардың фильмдерін қосыңыз)»,-деп жазады мақала авторы.

***

«Айқын» газетінің жазуынша, Қазақстанның меншігіне және басқаруына бірегей стратегиялық актив түпкілікті өтпек. Және ол нысан тек жерде ғана емес, сондай-ақ ғарышта да «орналасқан». Кеше «Қазғарыш» отандық «KazEOSat-2» ғарыш серігі мен оның жердегі сегментін қабылдап алу бағытында арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Мұны Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тарту деп бағалауға болады. Өйткені ол, мамандардың түсіндіруінше, «қазақ жеріне және оның тұтастығына жедел мониторинг жүргізудегі Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді».

Екінің бірі біле қоймас, бірақ дәл қа­зір қазақ елінің ғарышта «екі көзі» бар: Жерді қашықтықтан зондтауға арналған тұң­ғыш қазақстандық спутник «KazEOSat-1» 2014 жылдың 30 сәуірінде фран­ция­лық Гвианадағы Куру космодромынан ұшыр­ылған болатын, бүгінде ол қалыпты жұмыс жасауда. Сол жылдың 20 мау­сы­мында ресейлік «Ясный» ғарыш айла­ғы­нан осындай отандық екінші жер серігі - «KazEOSat-2» көк сеңгіріне жол тарт­ты. Және бүгінге дейін жоспарлы сы­нақ­тан өтті.
Ең ғажабы сол, бізден 630 шақырым биік­тікте, күнмен синхронды орбитада қа­лықтап жүрген «KazEOSat-1» арқылы Қа­зақстан жер бетіндегі ұзындығы 1 метрден асатын кез келген нәрсені анық бай­қай алады. Осы жайында «Қазақ елінің ғарышта «екі көзі» бар» атты мақаладан оқыңыздар.

Осы басылымда «Балалар драматургиясы неге әлсiз?» деген мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр.

«Балалар әдебиеті секілді балалар драматургиясы да құлдырау үстінде. Балаларға арналған пьесаларды режиссерлердің өзі жазуға мәжбүр. Неліктен?Оның басты себебі, балалар тақырыбында жазатын драматургтердің азаюында. Өткен аптада Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің фестивалі өткен. Ұйымдастырушылар драматургтердің азайып кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Балаларға арналып жылына үш спек­такль қойылады. Бұл бір ғана жастар теат­рына тән нәрсе. Одан бөлек, мемлекеттік «Қуыр­шақ» театры бар. Демек, жыл сайын ке­мінде алты-жеті пьеса сахнаға шығады де­ген сөз. Егер драматургия саласы ақсап тұр­ған болса, театрлар өздеріне қажетті дү­ниені қайдан таппақ?»,-деп жазады газет.

***

«Казахстанская правда» газетінде «Фаст-фуд по-казахски»атты мақалада жарық көрді. Алматылық Сәуле Сәбитова өткен жылдың жазында бұрыннан армандаған бизнес-жобасын іске асырып, дәмхана ашқан екен. Алайда, бұл дәмхананың ерешелігіне тоқталатын болсақ, ол ұлттық фаст-фудты ашқан кезде тек қазақстандық өнімді ғана пайдалануды мақсат қойып, өзінің брендін жасады. Осы жайында толық білгіңіз келсе, мақаланы қарап шығыңыз.

Соңғы жаңалықтар