Бүгінгі күні елімізде Еңбек адамына зор қолдау көрсетілуде - Ақмола облысы теміржолшылары (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлт жоспары «100 нақты қадам» мақаласын түсіндіру мақсатында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола магистральдық желілері бөлімшесінің ұжымымен кездесу өтті. Оған облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы А.Мысырәлімова, Ақмола магистральдық желілері бөлімшесінің директоры Е.Төлегенов пен еңбек ұжымы қатысты.

Шара барысында сөз сөйлеген облыстық Ішкі саясат басқармасының басшы А.Мысырәлімова Елбасы мақаласының әр тарауы бұл еліміздің алдында тұрған міндеттер ғана емес, кімге, қай кезде қандай әрекет істейтіндігі «тайға таңба басқандай» нақты бағыт-бағдары көрсетілген құжат екенін атап өтті.
Айта кету керек, теміржолшылар Ұлт жоспары мақаласын қызу талқылап, Елбасының саясатымен толық келісетінін әрі осы сала мен еңбек адамына жүктелген асқаралы міндеттерді орындуға лайықты үлес қосатындықтарын жеткізді.
«Бүгінгі таңда елімізде Еңбек адамына деген құрмет жоғары. Қазақстандықтардың нанын адал еңбекпен табуына барлық жағдай жасалынған. Президенттің қоғамды жаңғыртуда еңбек, кәсібилік, білім маңызды рөл атқарады деген сөзінің жаны бар», - дейді ұжым мүшесі А.Сәденова.
Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпорынның дамуына үлес қосқан, өз ісіне адал ұжым еңбеккерлері: А.Успанова, Н.Богославец, А.Ерімбетова, Т.Кұжантаев, А.Сәденова және С. Долгополовқа облыстық ішкі саясат басқармасының атынан Алғыс хат тапсырылды.
2 3

Соңғы жаңалықтар
telegram