Бүгінгі жастар зұлмат соғыстың не екенін білмей өссін деп тілеймін - ҰОС ардагері

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінгі жастар зұлмат соғыстың не екенін білмей өссін деп тілеймін. Бүгін елордадағы «Отан қорғаушылар» монументі алаңында өткен мерекелік шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Смирнова осындай тілегін білдірді.
None
None

«Зұлмат соғысты көрген біздің буын еліміздің көк аспанында әрқашан да бейбітшілік болуы үшін көптеген қиындықтарды бастан кешіріп, тағдырдың мол тауқыметін тарттық. Ендігі уақытта қазіргі буын мен болашақ ұрпақ еш уақытта зұлмат соғысты көрмесін деп тілеймін», - деді Т.Смирнова.

1923 жылы дүниеге келген ол Соғыстың алғашқы жылында-ақ майданға аттанған болатын. Талай қиындықтарды бастан кешірген Т.Смирнова елге 1945 жылы Румыниядан оралды.

Соңғы жаңалықтар