Бүгіннен бастап барлық медициналық жоғары оқу орындарында Wi-FI зонасы жұмыс істей бастайды

ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық медициналық жоғары оқу орындарында кең ауқымды акциялар өтеді,
None
None

деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

«2011 жылғы 22-23 қарашада еліміздің барлық медициналық жоғары оқу орындарында (С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, «Астана медициналық университеті» АҚ, «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» РМК, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және «Семей мемлекеттік медициналық университеті» РМК) студент жастардың және ғалымдардың, медициналық қоғамдастықтың, практикалық денсаулық сақтау саласының, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдерінің шақырылуымен кең ауқымды акциялар ұйымдастырылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен өтетін шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен ұштастырылған», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, бұл акциялар студенттердің ең көкейкесті, оның ішінде білім беру сапасын арттыру, Болон процесі аясында студенттердің академиялық жинақылығын дамыту, студенттік жатақханамен қамтамасыз ету, болашақ кәсіби қызметтің келешегі туралы мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Кездесулерде Қазақстанның денсаулық сақтау саласының 20 жыл ішінде қалыптасқан жетістіктері туралы таныстырылымдар ұсынылып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын тиімді жүзеге асырылуы бойынша кең көлемді мәселелері талқыланады.

Медициналық жоғары оқу орындарының студент жастары барлық студенттерге салауатты өмір салтын насихаттауға және оның принциптерін өздері өнеге болып белсенді енгізуге шақырады. Оқу орындарында футбол, волейбол, баскетбол, армрестлинг, дзюдо сияқты 14 спорт түрінен университет кубогына спартакиада өтеді.

«Электрондық университеттердің» таныстырылымы өтеді, онда университеттті басқаруда IT-технологиялар енгізу, бірлескен компьютерлік желісін дамыту, ықпалдау, ақпараттық-басқару жүйесін құру бойынша тәжірибелер таныстырылатын болады. Электрондық университеттердің жұмысы ауқымында ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап барлық медициналық жоғары оқу орындарында (оқу ғимараттары және жатақханалардың аумағында) Wi-FI зонасы жұмыс істей бастайды (кіру шектелмеген).

Жоғары оқу орындары тарихында алғашқы рет С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің оқу озаттарына 1000 нетбук тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар