05:24, 27 Қаңтар 2025 | GMT +5
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 27 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Теміртау, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.