Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

неблагоприятные метеоусловия
Фото: Kazinform

– 2025 жылғы 19 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Атырау қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, елімізде ауа сапасы нашарлаған қалалар саны азайды.

Соңғы жаңалықтар