Бүгін 4 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

аспан
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады.

«2024 жылғы 5 наурызда Ақтөбе, Алматы, Жезқазған, Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыпасып, ауа ластанады», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар