Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 11 қазанда Орал, Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның 15 облысында тұман түсіп, жел күшейеді.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында экологиялық заң бұзу фактісі анықталған болатын. Ал Алматыда 2040 жылға дейін экологияға әсер ететін 276 кәсіпорын қаладан шығарылады.