Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды — Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 19 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Атырауда экология талаптарын бұзғандарға 2,4 млрд теңге айыппұл салынды.
Бұдан бөлек аймақта экологиялық тексерісті парамен шешпек болған басшы 270 млн теңге айыппұл арқалады.
Қазір Түркістан облысында жылыжайлар саны артқан сайын олардан шығатын түтін мен атмосфераның ластануына қатысты тұрғындардың шағымы да жиілеп келеді.